Самарқанд қаласындағы «Жібек жолы» халықаралық туризм және мәдени мұра университетінде Қытайдың Шэньси провинциясымен бірлесіп «Адам және қоршаған ортаны зерттеу бойынша «Бір белдеу, бір жол» Қытай-Орталық Азия бірлескен зертханасы» іске қосылды.
Бұл ғылыми жоба Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Батыс университетінің бастамасымен Дүниежүзілік туристік ұйымның қолдауы арқылы Халықаралық туризм академиясының Самарқанд кампусы ғимаратында ұйымдастырылып отыр.
Зертхана жануарлар сүйектерін зерттеуге және оларға биохимиялық зерттеулер жүргізуге маманданған 2 бөлімнен тұрады. Бұл зертханада Өзбекстан территориясынан табылған кез келген археологиялық қазба материалдарын зерттеуге мүмкіндік бар.
Бүгінде Қытайдың Солтүстік-Батыс университеті 1,5 миллиард сумға 90 дана 36 түрлі зертханалық арнайы құрал-жабдықтарды сатып алып, университетке әкелді және жақын арада жабдықтауды бастауды жоспарланған.
Зертхана құрылысын үйлестіру және арнайы стандарттарға негізделген жабдық жұмыстарының орындалуын бақылау мақсатында Солтүстік-Батыс университетінің 2 маманы зертхана құрылысына қатысуда.