Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Самарқандта Қазақстанның Бас консулдығы ашылды
13:11 / 2021-04-29

2021 жылы 29 сәуірде Самарқанд қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ғимаратының ресми ашылу салтанаты өтті.

Елшілік баспасөз қызметінің хабарлауынша, айтулы шарада ҚР-ның Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д.Сатыбалды, Самарқанд облысының әкімі Э.Турдимов, сондай-ақ Самарқанд қаласының қоғам және бизнес өкілдері қатысқан.

Ашылу салтанатында Қазақстан Елшісі мен облыс әкімінің құттықтау сөзінен кейін жаңа консулдық лентасы қиылып, ғимарат ресми түрде ашылды.

Д.Сатыбалды өзбек тарапына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіріп, Қазақстанның Самарқандтағы дипломатиялық миссиясының қызметі екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдетуге зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде аймақ басшысы Э.Турдимов Қазақстанның Бас консулдығы екі халықтың бауырластық байланыстары нығая түсетініне сенім білдіріп, өңірде «Теңге Банк» және «Hyundai Asia Auto» дилерлік орталығы Қазақстанда құрастырылған автокөліктерді сату бойынша өз қызметін іске асыру мен қазақстандық капиталдың қатысуының кеңеюі туралы мәлімдеді.