English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Самарқандта Қатар Әмірі салтанатты түрде қарсы алынды
19:11 / 2023-06-05

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Қатар Мемлекетінің Әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Соний Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді.

Жоғары мәртебелі мейманды Самарқанд халықаралық әуежайында Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Екі елдің тулары және гүлдерімен безендірілген әуежайда Қатар Әміріне халқымызға тән жоғары қонақжайлылық көрсетілді. Ұлттық мәдениетпен өнер үлгілері ұсынылып, ән шырқалды.

Өзбекстан мен Қатар арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жылдан астам уақыт өтсе де, осы мемлекет басшысы Өзбекстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келіп отыр. Бұл кейінгі жылдардағы екі ел арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамуының нәтижесі. Атап айтқанда, жақында Ташкентте Қатар мемлекетінің елшілігі ашылды. Президент Шавкат Мирзиёевтің 5 маусымда қабылданған жарлығымен Қатар азаматтары үшін визасыз жүйе енгізілді.

Сапар барысында Өзбекстан мен Қатар арасындағы көпжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланады. Ең алдымен, белсенді саяси диалогтар мен мәдени-гуманитарлық алмасуды жалғастыру, энергетика, газ және химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, логистика, туризм және басқа да салаларда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру басты назарда болмақ.

Сондай-ақ Мемлекет басшылары халықаралық саясат пен өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылайды.

ӨзА