Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Өзбекстанда 9 жаңа мұражай ашылады, оның 7-сі Самарқанд қаласындағы «Музейлер квадратында» болады.
Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов мәлім етті.
Туризм және мәдени мұра министрлігі мен оған қарасты Мәдени мұра агенттігі Самарқанд, Ферғана, Хорезм облыстарының әкімдері, мүдделі министрліктер және ведомстволармен бірлесіп Самарқандта «Музейлер квадраты» жұмысын бастайды.
Онда «Ұлы Жібек жолы – Өзбекстан мен Қытайдың алтын мұрасы» көрмесі, «Самарқанд – Өзбекстан мен Ресей аймақтарының мәдениетінің байланысы» көрмесі, «Классицизм» мұражайы, Тарихи фотосуреттер мұражайы, Зергерлік өнер мұражайы, Көркем көрмелер залы, «Самарқанд» мемлекеттік мұражай-қорықтың филиалдары ретінде дәстүрлі киім мұражайлары қызметі жолға қойылады.
Сондай-ақ, Қоқан қаласында «Қоқан» мемлекеттік мұражай-қорығының филиалы ретінде Қазіргі заманғы өнер мұражайы, ал Үргеніш қаласында Өзбекстанның қазіргі заманғы өнер мұражайының филиалы ретінде «Лазги» мұражайы құрылады.
Мақсат – Өзбекстан өнерінің әлемдік әдеби-мәдени ортаға интеграциялануы, музейлердегі тарихи жәдігерлердің өзбек халқы мен мемлекеттігі тарихында алатын орны, сондай-ақ халықаралық аренада және заманауи өнер алаңында елдің оң имиджін нығайту, мұражай қорларында бай тарихи-мәдени мұраны кеңінен насихаттау.