Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитіне байланысты мәдениет апталығы жарияланды.
Облыстық туризм және мәдени мұра бас басқармасы мен мәдениет басқармасы қолдауымен апталық аясында қала тұрғындары мен қонақтарын еліміздің бай тарихи-мәдени мұрасымен таныстыру мақсатында бірқатар мәдени-ойын-сауық шаралары ұйымдастырылуда. Мұражай, театра және басқа да мәдениет сарайларында түрлі көрмел, жаңа фильм мен спектакльдер премьерасы жоспарланған.

– 13-17 қыркүйек аралығында Өзбекстан мәдениет тарихы мұражайында «Өзбекстан әлем мәдениеттері тоғысында», Афросиёб – Самарқанд қаласының тарихи мұражайында «Жібек және Ұлы Жібек жолы: Ханчжоудан Самарқандқа дейін» және «Самарқанд – достық, ынтымақтастық, сауда, мәдениет қаласы» атты көрмелер өтеді дейді Самарқанд облысы мәдениет басқармасының басшысы Ш.Ешанкулов.
Сонымен қатар, қаладағы саябақтарда, сауда және ойын-сауық орындарында концерттер мен мәдени бағдарламалар ұйымдастырылады.
Ғ.Хасанов,
ӨзА