Самарқандта Әлішер Науаидың 583 жылдығына арналған шара өтті
Ұлы ойшыл Әлішер Науаидың туғанына 583 жыл толуына орай бүгін Самарқанд қаласындағы орталық демалыс саябағында шара өтті.
Облыстық және қалалық әкімшілік өкілдері, оқу орындарының ұжымдары мен қалың жұртшылық, жазушылар мен ақындар, ғалымдардың қатысуымен өткен шарада Әлішер Науаидың мол рухани мұрасы мен оны зерттеудің маңыздылығы және ақын шығармаларындағы айтылған ойлардың бүгінгі күні де өзектілігі екендігі айтылды.
[gallery-15877]
Шарада облыстағы жоғары оқу орындарының студенттері ақынның ғазалдары мен рубаиларын түрлі тілдерде оқыды.
Айтулы шараға байланысты облыстық музыкалық драма театрында Әлішер Науаидың ғазалымен шырқалған әндерден тұратын концерттік бағдарлама мен көркемдік бағдарлама ұйымдастырылды.
Ғ.Хасанов, А.Исроилов (сурет), ӨзА