Самарқандта «International Travel Bazaar 2023» туристік форумы өтеді
2023 жыл 10-11 ақпан аралығында Самарқанд қаласында «International Travel Bazaar 2023» Самарқанд туристік форумы өтеді.
ӨР Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен өтетін форум Орталық Азиядағы саяхат тәжірибесін қалыптастырушылар мен туристік қызмет маркетологтары үшін дамуға, ынтымақтастыққа және жаңа шешімдерді іздеуге бағытталған шара саналады.
Форумға туризм саласы мамандарына арналған платформа болып, оған 9 елден 40 спикер қатысады.
Сондай-ақ форумда туристік операторлар мен гидтер, рестораторлар, қонақ үй иелері, туризммен байланысты бизнес өкілдері, шығармашылық индустрия және мемлекеттік сектордың өкілдерін қоса алғанда, 200-ден астам қатысушымен туристік тенденция туралы пікірталастар өтеді.