Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Самарқандта Халықаралық конгресс басталды
12:04 / 2024-08-24

Самарқандтағы Халықаралық туризм орталығындағы конгресс-холлда «Ұлы бабалар мұрасы – Үшінші ренессанстың негізі» атты VIII Халықаралық конгрестің салтанатты ашылу рәсімі басталды.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің конгресс қатысушыларына арнаған құттықтауын Президенттің кеңесшісі Х.Султонов оқып берді.

Мемлекет басшысының құттықтауында Өзбекстанның мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және насихаттау бойынша Дүниежүзілік қауымдастық қызметіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, «Өзбекстанның мәдени мұрасы әлем топтамасында» жобасы аясында 70 томдық кітап-альбом басылып, республиканың және шетелдердің ең танымал кітапханаларына, жоғары оқу орындары мен мұражайларға, беделді білім және мәдениет орталықтарына жеткізілгені атап өтілді.

Осы жұмыстың жалғасы ретінде шара күндері осы сериядағы тағы он жаңа томның таныстырылымы өтетіні маңызды мәдени оқиға ретінде айтылды.

[gallery-18883]

Айта кету керек, 23-26 тамыз күндері Ташкент және Самарқанд қалаларында Өзбекстан Республикасының Үкіметі, Өзбекстандағы Ислам өркениеті орталығы, Өзбекстанның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау жөніндегі Дүниежүзілік қоғамның (WOSCU) және «Eriell Group» мұнай қызмет көрсету компаниясының қолдауымен VIII Халықаралық конгресс өтеді. 

Оның басты мақсаты – Жаңа Өзбекстанның мәдени-гуманитарлық саладағы даму жолы, жаңа өрлеу дәуірінде қол жеткізілген жетістіктер мен діни-ағартушылық саладағы реформаларды насихаттау, халқымыздың бай мәдени және рухани мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау бойынша жергілікті ғалымдар мен халықаралық ғылыми сарапшылар қауымдастығымен тиімді ынтымақтастықты орнату.

Ғ.Хасанов, А.Исраилов (сурет), ӨзА