Самарқандта газдан уланған төрт адам қайтыс болды
Самарқандта 5 адам газдан уланып, оның төртеуі қайтыс болды. Бұл туралы облыстық прокуратурадан хабарлады.
Оқиға, 28 наурызда шамамен сағат 11.00-де Самарқандтағы «Лохутий» көшесі бойындағы 31 пәтерде орын алған. Онда уақытша тұрған 5 азаматтың пәтердегі жылыту пешінен (голландтық пеш) шыққан газдың улануы салдарынан төртеуі қайтыс болған. 1 адам ауыр улану белгілерімен Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығының Самарқанд филиалына жатқызылды, делінген хабарда.
Қазіргі уақытта аталған іс бойынша Самарқанд қалалық прокуратурасы тергеу жұмыстарын алып баруда.