Самарқандта Дүниежүзілік туристік ұйымның кеңсесі ашылды
Самарқандта UNWTO қолдауымен Дүниежүзілік туристік ұйымның кеңсесі ашылды.
Uzbektourism порталының хабарлауынша, кеңсе «Жібек жолы» халықаралық брендінің жобаларын, бастамаларын және зерттеулерін біріктіру мақсатында UNWTO-мен бірлесіп құрылған. Ол Жібек жолындағы туризмді дамытуға ықпал ететін туризм саласындағы ұйымдар мен сарапшылардың қызметін болашақта бағалау және ұсыныстар жасау үшін үйлестіруге арналған.
Өзбекстанда Дүниежүзілік туристік ұйым өкілдігінің ашылуы республиканың «Жібек жолы» елдері арасында туризм нарығында жетекші орын алуына және саланы инновациялық дамыту үшін жаңа жобаларды тартуға негіз жасайды.