Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Самарқандта Азия әйелдер форумы басталды
13:41 / 2024-05-13

Самарқанд қаласында Азия әйелдер форумы өз жұмысын бастады.

«Әйелдердің экономикалық, әлеуметтік және саяси құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне өңірлік көзқарас» тақырыбына арналған форумға Азияның жетекші әйел көшбасшылары, белсенді қыз-келіншектер, БАҚ өкілдері қатысуда.

Олар қатарында 30-дан астам шет елден 81 мәртебелі мейман – Шығыс Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Азия және Орталық Азия елдері парламенттерінің әйел депутаттары, үкімет басшылары, 40-тан астам шет мемлекеттердің Өзбекстандағы өкілдіктері мен өкілдері, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттарының өкілдері, республикадағы әйел басшылар, іскер әйелдер, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, экономика салаларының және түрлі салалардың өкілдері қатысуда.

Айта кетейік, бұл форумды ұйымдастыру туралы бастаманы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында көтерген болатын. Оның мақсаты – аймақ елдерінің жетекші әйелдерінің шығармашылық әлеуетін іске асыру, олардың мемлекет пен қоғамды басқару мен экономикаға қатысуын одан әрі кеңейту бойынша тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету.

Форумның ашылуында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің форумға қатысушыларға құттықтауын Сенат төрағасы Танзила Норбоева оқып берді.

Форум өз жұмысын 8 параллельді сессия аясында жалғастырады. Қатысушылар әйелдердің ғылымға, білімге және инновациялық қызметке қатысуын және цифрлық технологияларды пайдалануды, қазіргі жаһандық экономикадағы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту арқылы кедейлікті азайтуды және кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациямен айналысу мәселелерін талқылайды.