Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Самарқандта Ауғанстанмен көршілес елдер СІМ басшыларының төртінші отырысы өтті
10:49 / 2023-04-14

2023 жыл 13 сәуірде Өзбекстанның төрағалығымен Самарқандта Ауғанстанмен көршілес елдер СІМ басшыларының төртінші отырысы өтті.

СІМ мәліметінше, шараға Өзбекстан, Иран, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Қытай сыртқы саясат ведомстволарының басшылары қатысты. 

«Форум барысында тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдайды, осы елдің қазіргі билігінің әлемдік қауымдастықтың негізгі талаптарын орындауы – инклюзивті үкімет құру, ауған әйелдерінің жұмыс істеу және білім алу мүмкіндігін және ұлттық азшылықтардың құқықтары.

Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсету және елдің ұлттық экономикасын қалпына келтіруге бағытталған бірлескен іс-қимыл механизмін әзірлеу қажеттігі айтылды», делінген хабарламада.

Халықаралық терроризм, есірткі өндірісі және олардың контрабандасына қарсы күресте Ауғанстанмен көршілес елдердің шараларын күшейтудің маңыздылығы атап өтілген болып, Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы аймақтық өзара тәуелділіктің негізгі факторы ретінде Ауғанстанның әлеуетін іске асыруға көмектесудің маңыздылығы сөз болған.

Тараптар Ауғанстан аумағында көршілес елдердің қатысуымен жаңа жұмыс орындарын құруды, сондай-ақ елдің өңірлік экономикалық үдерістерге белсенді түрде интеграциялануына қызмет ететін инфрақұрылымдық және әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыруды қолдайтындықтарын білдіргені айтылған СІМ ақпаратында.