Өзбекстанның Инвестициялар, индустрия және сауда министрі Лазиз Қудратов Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (AИИБ) вице-президенті Люджер Шукнехтпен кездесті.
Министрлік мәліметінше, сұхбат барысында Президент Шавкат Мирзиёевтің осы жылдың қаңтарында AИИБштаб-пәтеріне сапарынан кейін айтарлықтай жанданған AИИБ мен Өзбекстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың даму динамикасы, атап өтілді.
Сапар қорытындылары бойынша 2024-2026 жылдары Өзбекстан мен AИИБ арасындағы 2,5 миллиард долларлық бірлескен жобаларды қаржыландыру бойынша ынтымақтастық бағдарламасы және 2024 жыл 25-26 қыркүйек күндері Самарқанд қаласында AИИБ Басқармасының жыл сайынғы отырысын өткізу туралы Меморандумға қол қойылды.
«Тараптар жобаларды жүзеге асыру барысын, сондай-ақ 2024-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына енгізілген энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік, денсаулық сақтау және сумен жабдықтау салаларындағы жаңа бастамаларды бірлесіп жүзеге асыру перспективаларын талқылады.
2024 жылы Самарқандта өтетін АИИБ Директорлар кеңесінің 9 жылдық отырысына дайындық мәселелері бөлек талқыланды. Әртүрлі елдерде роуд-шоу мен презентация ұйымдастыру, іс-шараны ұйымдастыру мәселелері бойынша бірлескен «Жол картасын» әзірлеу жоспарланды», делінген хабарламада.
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық аясын кеңейту, атап айтқанда, қаржылық және техникалық қолдау көлемін ұлғайту бойынша шаралар қабылдауға өзара әзірлік білдірілді және талқыланған жобалар мен бастамаларды уақтылы жүзеге асыру аясында болашақта белсенді ынтымақтастық жасау жолдары әзірленді.