2022 жыл 5-6 желтоқсан күндері Самарқандта адам құқықтары саласындағы білім бойынша жаһандық форум өтеді.
Бұл беделді халықаралық конференцияны өткізу туралы бастаманы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің 46-шы сессиясында көтерген болатын.
Жаһандық форумның басты мақсаты – БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша білім беру декларациясы мен БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша білім беру жөніндегі Дүниежүзілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың аралық нәтижелерін қорытындылау. Осы саладағы озық тәжірибелік, практикалық және инновациялық тәсілдердің тұсаукесерін ұйымдастыру, халықаралық, өңірлік және ұлттық деңгейде адам құқықтары саласындағы білім беру мен тәрбиелеу жүйесін жетілдіру бойынша пікір алмасу және ұсыныстар әзірлеу жоспарлануда.
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 2022 жылғы 6 қазандағы қарарына сәйкес, жаһандық форумда 2030 жылға дейінгі күн тәртібін және басқа да өзекті мәселелерді ескере отырып, Дүниежүзілік білім беру бағдарламасының бесінші кезеңінің негізгі бағыттары мен тақырыптық мәселелері бойынша ұсыныстар талқыланады.