Самарқанд туристік орталығында 5G желісін тестілеу жұмыстары басталды.
Бұл туралы Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрі хабарлап, интернет жылдамдығының скриндік суретімен бөліскен.

«Бұл орталық халықаралық іс-шаралар өткізілетін және туристер жақсы демалатын орын ғана емес, Өзбекстанда алғаш рет барлық ұялы байланыс операторлары ынтымақтастықта антенна инфрақұрылымын бір діңгекке көтеріп, ғимараттарда Active DAS жүйесін пайдаланып, жоғары жылдамдықты сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде», - деген Шерзод Шерматов.
Оның айтуынша, бұл қызмет көрсету саласын дамыту бойынша биылғы жылы қабылданған президент шешімімен ұялы байланыс операторларына жасалған қосымша мүмкіндіктердің арқасында жасалып жатыр.
24-27 қазан күндері осы Самарқанд туристік орталығында 2022 жылғы ақпараттық-коммуникациялық апталық өтеді.