Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Самарқандқа сапары барысында Шавкат Мирзияев облыс әкімдері мен сектор басшыларына кеңес өткізді
22:53 / 2022-02-10

Президент Шавкат Мирзияев Самарқанд облысына жасаған сапарының соңында облыс әкімдері мен сектор басшыларына кеңес өткізді.

Сыни тұрғыда өткен жиында қалалар мен аудандардағы өзекті экономикалық және әлеуметтік мәселелер айтылды. Кейбір әкімдер парақорлыққа, таныстыққа жол беріп, халықтың жағдайына бей-жай қараған. Қажетті қаржы бөлінгенімен, ауыз су, жылу және электр қуатын жақсарту жұмыстары баяу жүргізілген.

Суды үнемдейтін технологияларды енгізуге бөлінген субсидия қаражаты мақсатсыз пайдаланылған. Облыстық банктердегі проблемалық несиелер көлемі ұлғайып, несиені дұрыс бөлмеу, жеңілдетілген несиеге қаражатты тонау фактілері анықталып, жлл-көлік оқиғалары мен қылмыстардың саны артқан.

Бірқатар аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшылары жұмыстағы жауапсыздығы, өрескел қателері мен кемшіліктері үшін қызметтерінен босатылды. Кемшіліктерді жою, кәсіпкерлікті дамыту, елді мекендердің әл-ауқатын арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.

– Асар асуларымыз өте биік, халқымыз бізден практикалық нәтиже күтуде. Міне, мен бүгін 10 басшыны жұмыстан шығардым. Бұдан былай, жұмыс істемеген басшыларға қатал шара көрілетін болады. Осы жағдайдан барша қорытынды шығаруы керек, – деді Мемлекет басшысы жиын соңында.

Осылайша Президент Самарқанд облысына сапарын аяқтапТашкентке қайтып оралды.