Самарқандқа “Ислам мәдениетінің астанасы” мәртебесінің рәміздік байрағы табыс етілді
Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Ислам әлемінің рухани мұрасы мен мәдени көріністері: каллиграфия, музыка, поэзия және ынтымақ» тақырыбындағы халықаралық форумда Самарқандқа «Ислам мәдениетінің астанасы» мәртебесі берілгені жөніндегі рәміздік ту мен статуэтка салтанатты түрде табыс етілді.
Аталған нышандарды ICESCO Бас директоры Салим бен Мұхаммед әл-Малик Самарқанд облысы әкімінің міндетін атқарушы Адиз Бобоевқа тапсырды.


