Самарқанда мемлекеттік мекемелер тарихи орталықтан жаңа аймаққа көшіріледі
Мемлекет басшысы Самарқанд облысына жасаған сапары аясында, сайлаушылармен кездесті.
Кездесуде Шавкат Мирзияев Самарқандтағы мемлекеттік органдар мен әкімшілік қызметтер тарихи орталықтан жаңа аймаққа көшірілетінін айтты.
Самарқанд қаласы өмір сүру үшін қолайлы және тартымды «миллионды жасыл қалаға» айналады.
Осы мақсатта облыстағы бірнеше ауданның 18 мың гектар жері қала аумағына өтеді. Сонымен қатар Самарқандта 2 жаңа туннель мен 2 көпір салынады.