Самарқанд Өзбекстандағы сәулет ескерткіштері ең көп аймақ
Өзбекстанда 2264 сәулет ескерткіштері бар. Самарқанд ел өңірлері арасында сәулет ескерткіштері ең көп аймақ болып табылады.
Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, 2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Өзбекстандағы сәулет ескерткіштерінің саны 2264-ті құраған. Осы дерекке сай, республиканың әр бір аймағында қанша сәулет ескерткіштері бар екені туралы мәлімет жарияланды.
Облыстардағы сәулет ескерткіштерінің саны:
- Самарқанд облысы – 562;
- Бұхара облысы – 507;
- Ташкент қаласы – 288;
- Қашқадария облысы – 208;
- Ферғана облысы – 139;
- Хорезм облысы – 136;
- Жызақ облысы – 100;
- Наманган облысы – 98;
- Әндіжан облысы – 74;
- Науаи облысы – 70;
- Сұрхандария облысы – 36;
- Қарақалпақстан – 24;
- Сырдария облысы – 15;
- Ташкент облысы – 7 сәулет ескерткіштері бар.