Самарқанд халықаралық әуежайында «Ашық аспан» режимі енгізіледі
2022 жыл 1 қазаннан бастап Самарқанд халықаралық әуежайында «Ашық аспан» режимі енгізіледі.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, Өзбекстанның туристік әлеуетін арттыру, жаңадан құрылған Самарқанд халықаралық әуежайының мүмкіндіктерін толық пайдалану және әуе көлігі нарығында бәсекелестік ортаны дамыту мақсатында «Ашық аспан» режимі енгізіледі.
«Ашық аспан» режимі халықаралық құқық нормаларына сәйкес, Самарқанд халықаралық әуежайының техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шетелдік авиакомпаниялар үшін рейстер мен бағыттарға қойылған шектеулерді жойылғанын білдіреді.
Алдағы уақытта шетелдік авиакомпаниялар Самарқанд халықаралық әуежайына әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімнің бар-жоғына қарамастан ұшу мүмкіндігіне ие.