French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Самарқанд халықаралық әуежайы уақытша жабылады
10:20 / 2021-10-11

Самарқанд әуежайында жаңа аэродром кешенін іске қосуға дайындық жұмыстарының жүруіне байланысты бір айға жабылады.

Uzbekistan Airports-тың мәліметінше, Самарқанд халықаралық әуежайы 2021 жылдың 20 қазанынан 20 қарашасына уақытша жұмыс істемейді. Осыған орай Самарқанд әуежайына жасалатын рейстер Науаи, Бұхара және Қаршы халықаралық әуежайларына бағытталмақ. Ал, жолаушылар осы қалалардан Самарқандқа дейін басқа көлікпен тасымалданатын болады.

Хабарда айтылуынша, қазіргі уақытта Самарқанд халықаралық әуежайында ұзындығы 3105 метр, ені 60 метр болатын жаңа ұшу -қону жолағының құрылысы аяқталған. Бір айдың ішінде қозғалыс жолақтарын жаңа ұшу-қону жолағы және платформамен қосу жұмыстары жүргізіледі.