2022 жылдың 15-16 қыркүйек күндері Самарқанд қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының келесі саммиті өтеді.


Самарқанд саммиті ШЫҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары соңғы үш жылда алғаш рет бас қосып, тарихта алғаш рет 15 елдің көшбасшылары қатысатындығымен ерекшеленеді.

Беделді конференцияны Самарқанд қабылдауға сақадай сай. Қала көшелеріне ШЫҰ мен оған мүше елдердің тулары, саммитке арналған плакаттар ілінген.


Айта кету керек, саммит қарсаңында Самарқандта ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жаңа керемет әрі заманауи әуежай, Халықаралық туризм орталығы салынды. Орталық аумағында барлығы 10 нысан – 8 (екі 5 жұлдызды және алты 4 жұлдызды) қонақ үй, Конгресс-холл және Керуен сарай кешені бой көтерді.

Конференция қарсаңында салынып біткен «Мәңгілік қала» кешені келген қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Кешенде ұлттық қолөнер шеберханалары, ұлттық нақыштағы шайханалар, «Чорсу» шығыс базары, барлық өңірлерден келген қолөнер шеберлерінің бұйымдарын тамашалауға болады.
Бір сөзбен айтқанда, Самарқанд соңғы жылдардағы ең ірі саяси конференцияны өткізуге толық дайын. Конференцияға шетелдік қонақтар әлден-ақ келе бастады. Самарқанд саммиті аймақтағы қауіпсіздік пен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайтын алаң болуы үшін барлық жағдай жасалған.
ӨзА