16 қыркүйекте Самарқанд қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті.
Саммитте ШЫҰ қызметінің маңызды бағыттары бойынша ынтымақтастық жағдайы мен оны дамыту перспективалары талқыланды. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Самарқанд декларациясы іс-шараның негізгі қорытынды құжаты болды.
Келісімдер, тұжырымдамалар, бағдарламаларды қамтыған барлығы 44 құжат қабылданды. Бұл ұйым тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Оның ішінде:
- 2023-2027 жылдарға арналған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы келісімінің ережелерін іске асыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары туралы;
- ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өзара тәуелділікті дамыту және тиімді көлік дәліздерін құру жөніндегі тұжырымдамасы туралы;
- «ШЫҰ ізгі ниет елшісі» құрметті атағы туралы ереже туралы;
- ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өзара есеп айырысуларында ұлттық валюталардың үлесін кезең-кезеңімен ұлғайту жөніндегі «жол картасы» туралы;
- ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу бойынша Иранның міндеттемелері туралы меморандумға қол қойылғаны туралы;
- Беларусь Республикасын ШЫҰ мүшелігіне қабылдау процесінің басталғаны туралы;
- Мальдив Республикасы, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Мьянма Одағы Республикасы және Кувейт мемлекетіне ШЫҰ-ның диалогтық серіктесі мәртебесін беру туралы;
- Варанаси қаласын (Үндістан) 2022-2023 жылдарға ШЫҰ-ның туризм және мәдени астанасы деп жариялау туралы;
- ШЫҰ Хатшылығы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасында білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша меморандумға қол қою туралы;
- ШЫҰ Бас хатшысының ұйымның өткен жылғы қызметі және ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы Кеңесінің 2021 жылғы қызметі туралы қорытындысы;
- ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесі шешімдерінің күшін жою туралы;
- ШЫҰ қызметін жетілдіру бойынша шешімдер қабылданды.
Сондай-ақ, ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесінің:
- климаттың өзгеруіне ден қою шаралары туралы;
- сенімді, тұрақты және диверсификацияланған жеткізу тізбегін қамтамасыз ету бойынша;
- жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша;
- энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мәлімдемелер қабылданды.
Сонымен қатар, шара барысында келесі құжаттарға қол қойылды:
- ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу бойынша Иранның міндеттемелері туралы меморандум
- ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қызмет көрсету саудасы саласындағы ынтымақтастық негіздері;
- ШЫҰ елдерінің құзырлы органдары арасындағы мұражай ісі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- ШЫҰ елдерінің құзыретті органдары арасындағы өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- ШЫҰ елдерінің жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы;
- ШЫҰ елдерін инфрақұрылымдық дамыту бағдарламасы;
- ШЫҰ елдерінің іскер топтары арасындағы өндірістік кооперациясыны ынталандыру бағдарламасы;
– Цифрлық сауаттылықты дамыту бойынша ШЫҰ бағдарламасы;
- ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жасанды интеллектті дамыту бойынша ынтымақтастық бағдарламасы;
- ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің медициналық ұйымдарының арасында жұқпалы аурулардың алдын алу және емдеуде мәселесінде ынтымақтастық жасау туралы «жол картасы»;
– ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы басым бағыттар бойынша ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары (2022-2025 жж.);
- ШЫҰ-да аймақішілік сауданы дамыту бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары;
- ШЫҰ елдерінің телемедицина саласындағы ынтымақтастығы тұжырымдамасы;
- ШЫҰ елдерінің «ақылды» ауыл шаруашылығы мен агроинновацияларды енгізу саласындағы ынтымақтастығы тұжырымдамасы;
- ШЫҰ мен Араб мемлекеттері лигасының хатшылықтары арасындағы меморандум;
- ШЫҰ Хатшылығы мен білім, ғылым және мәдениет бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасында өзара түсіністік туралы меморандум;
– ШЫҰ Хатшылығы мен Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссия (ЭСКАТО) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға және басқа да құжаттарға қол қойылды.