Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Самарқанд қаласында Қытай басшысын ресми қарсы алу рәсімі өтті
11:23 / 2022-09-15

15 қыркүйекте Самарқанд қаласындағы Конгресс орталығында Өзбекстанда мемлекеттік сапармен жүрген Қытай Халық Республикасы Төрағасын ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев пен Қытай Төрағасы Си Цзиньпин тұғырға көтерілді. Екі елдің әнұраны шырқалып, құрметті қарауыл салтанатты түрде жүріп өтті.

Салтанатты шараға екі елдің ресми делегацияларының мүшелері де қатысты.

Бірге суретке түскен соң Өзбекстан мен Қытай басшыларының келіссөздері басталды.