Самарқанд пен Бодрум арасында чартерлік рейстер ашылады
Түркияның Freebird Airlines компаниясы Самарқанд-Бодрум-Самарқанд бағыты бойынша тікелей чартерлік рейстерді ашуды жоспарлап отыр.
Uzbekistan Airports дерегінше, алғашқы чартерлік жолаушы рейсі 7 қыркүйекке жоспарланған. Рейстер аптасына бір рет бейсенбі күндері Airbus A320 ұшағымен орындалады.
Freebird Airlines — 2000 жылы негізі қаланған және штаб-пәтері Стамбулда орналасқан түрік әуе компаниясы. Әуе компаниясының негізгі базасы Анталия қаласында.
Компания Еуропа мен Түркия арасындағы халықаралық чартерлік рейстерді, сонымен қатар ішкі рейстерді орындайды.