Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Самарқанд облысының әкімі Қазақстан халқына көңіл айтты
11:39 / 2023-06-13

Самарқанд облысының әкімі Эркинжон Турдимов Қазақстанның Абай облысында болған қайғылы жағдайға байланысты Қазақстан халқына көңіл айтты.

Облыс әкімі Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулдығына барып, Абай облысында болған ірі орман өрті салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты марқұмдардың туған-туыстары мен Қазақстан халқына Самарқанд тұрғындары атынан көңіл айтты. Консулдықта ұйымдастырылған көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Еске сала кетсек, осы қайғылы жағдайға байланысты 12 маусым Қазақстанда жалпы ұлттық аза тұту күні болып жарияланған еді.