Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Самарқанд облысындағы фермерлерге жеткізілген шығын өтеледі
14:32 / 2020-11-25

Өзбекстандағы бірқатар сайттар мен әлеуметтік желілерде Самарқанд облысының «Каттакурган» ауданындағы электр жарығының сөнуі салдарынан жылыжайдағы өнімдер бір кештің арасында 35 мың доллар шығынға батқаны туралы хабар тарап, осы жағдайға байланысты тексеру жұмыстары барысында оқиғаның аудан аумағында болғандығы анықталған.

2020 жылы 18 қарашасынан 19-на қараған түні аудандық электр компаниясы электр қуатын 6 сағатқа өшіруінің салдарынан «Каттакурган Валижон Парранда» ЖШС иесі М.Улуғмуродов 1 гектарлық жылыжайға отырғызған қызанақтың қатып қалуынан 231 миллион сом шығынға батқаны жайында аудандық прокуратураға шағым түсірген.

Бұдан бөлек, «Муродулла Бобо» шаруа қожалығының жетекшісі Ф.Насруллаев өзінің жылыжайындағы 1 гектар қызанақ пен 1 гектар қияр көшеттері мен дақылдарының қатып қалуы салдарынан 823 миллион сом шығынға ұшыраған.

Алайда, шаруа қожалықтары мен электр желілері компаниясы арасындағы келісімшартқа сәйкес, жеткізуші тұтынушыны электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етуі керек болған.  

Келісім-шарттың бұзыуы және міндеттемені орындамау салдарына байланысты 23 қарашада аудандық прокуратура, ауданаралық экономикалық сотқа «Самарқанд аумақтық электр желілері» АҚ-нан шаруа қожалықтарына 1 миллиард 54 миллион сум шығынды өндіріп беру туралы талап арызын берген.  

Кәсіпкерлердің мүддесін қорғау және зиянды өтеу барысы түгелдей облыс прокурорының бақылауына алынған.