Самарқанд облысында 123 жастағы кейуана референдумда дауыс берді
Самарқанд облысының Үргут ауданында тұратын «Шұхрат» орденінің иегері, 123 жастағы У.Олимова әже референдумда дауыс берді.


985-ші референдум учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізілген кейуана сайлау учаскеге бара алмағандықтан, оның өтініші бойынша комиссия мүшелері дауыс беруді әжейдің үйінде ұйымдастырды.
Үргут аудандық әкімшілігінің ақпарат қызметінің мәліметіне қарағанда, қазір ауданда жасы жүзден асқан 6 зиялы қауым өкілі тұрады. Бүгін олардың барлығы өз үйлерінде тұрып, «Өзбекстан Республикасының Конституциясы туралы» Өзбекстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы бойынша жалпыхалықтық референдумда дауыс берді.
ӨзА