«Самарканд - Ташкент - Санкт-Петербург» бағытында тұрақты автобус қатынайды
15 ақпан күннен бастап Ташкенттен – Омск қаласына тұрақты қатынаудағы бірінші автобус жолға шықпақ
Өзбекстанның алыста-жақын аймақтарынан Ресейге сапарлайтын жолаушылар үшін қолайлықтар жасау мақсатында ендігі уақытта «Самарканд - Ташкент - Санкт-Петербург» бағытында тұрақты халықаралық автобус қатынынауы жолға қойылмақ.
Өзбекстанның «Uzautotrans service» және Ресейдің «ТТК ГЛОБУС» ЖШС-нің қолдауымен жолға қойылуы жоспарланған бағыт бойынша алғашқы автобус 25 ақпаннан бастап жолаушылар тасымалдай бастайды. Автобус Самарқандтан 09:00 да шықса, Ташкенттен 15:00де жолға шықпақ. 4436 км қашықтықтағы Санкт-Петербург орталық автовокзалына барушы автобустың жол ақысы Самарқандтан 840 000, Ташкенттен 800 000 сум болып белгіленген.
Еске сала кетсек, 15 ақпан күннен бастап Ташкенттен – Омск қаласына бірінші автобус жолға шығуы белгіленген болып, 32 сағатқа жалғасатын 2200 км аралықтағы бағыт құны 450 000 сум.