Самара маңындағы зауытта жарылыс болып, алты адам қаза тапты
Самара облысының Чапаевск қаласындағы «Промсинтез» зауытында болған жарылыс салдарынан алдын ала мәлімет бойынша, алты адам қаза тауып, екеуі жарақат алды.
РИА Новости хабарынша, жарылыс зауыт цехында жөндеу жұмыстары кезінде болған.
«Чапаевскідегі «Промсинтез» зауытының цехында жөндеу жұмыстары кезінде жабдықты бөлшектеу нәтижесінде жарылыс болып, оның салдарынан сегіз адам зардап шекті, оның алтауы қаза тапты», - делінген.
Промсинтез - Ресейдегі және ТМД елдеріндегі өнеркәсіптік жарылғыш заттардың негізгі өндірушілерінің бірі.