Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Самарқандта өткен марафонда қазақстандық азамат жеңімпаз атанды
12:44 / 2019-11-04

Өзбекстанда алғаш рет өткен бұл марафонға әлемнің 23 елінен 1100-ге жуық спортшылар мен әуесқойлар қатысты


Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі жанындағы Мәдениет және өнерді дамыту қорымен бірқатар министрліктер мен ведомстволар бірлесіп Самарқанд қаласында «Samarkand Half Marathon» халықаралық қайырымдылық марафоны өтті.

Өзбекстанда алғаш рет өткен бұл марафонға әлемнің 23 елінен 1100-ге жуық спортшылар мен әуесқойлар 10, 21,1 және 2 шақырымдық қашытықта күш сынасты.

Алғашқы 10 шақырымдық қашықтыққа жүгіру сайысында мәреге қазақстандық спортшы Дмитрий Иванчуков келген болса, әйелдер арасында өткен жарыста да қазақстандық Татьяна Нерознак жеңімпаз атанды.

Ал 21,1 шақырымдық марафонда сұрхандариялық Шахрух Давлатов 73 минутта жүгіріп өтіп жеңіске жетті. Қыз-келіншектер арасында өткен жарыста намангандық Нурхон Мухиддинова мәре сызығын алғаш кесіп өтіп, бірінші орынды иеленді. 

2 шақырымды аралықта марафон жүгірушілері саны көп болып, олар қатарында спортшылармен қатар әуесқойлар да өз бағын сынап көрді. Нәтижеде бірінші болып мәреге ферғаналық азамат Хуршид Ахмадалиев жетіп келді. 

«Samarkand Half Marathon» халықаралық қайырымдылық марафоны жеңімпаздары ақшалай  және естеліктер сыйлықтармен марапатталды.

photo_2019-11-03_14-46-30.jpg

photo_2019-11-03_14-46-29.jpg

photo_2019-11-03_14-46-32.jpg

12727724.jpg

photo_2019_11_03_17_53_20.jpg