Самарқандта халықаралық конференция басталды
«Материалдық және материалдық емес мәдени мұраны қорғау: өзекті проблемалар мен оларды шешудің стратегиялары» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық конференцияда әлемнің 77 елінен келген өкілдер қатысуда.
Самарқанд қаласындағы Форумдар сарайында Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ЮНЕСКО) қамқорлығымен «Материалдық және материалдық емес мәдени мұраны қорғау: өзекті проблемалар мен оларды шешудің стратегиялары» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық конференцияда әлемнің 77 елінен келген өкілдер қатысуда.
Конференцияның ашылу салтанатында Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің қатысушы қонақтарға жолдаған құттықтауын Премьер-министр А.Арипов оқып берді.

Арнайы осы конференция мен «Шығыс эстрадасы» музыкалық фестиваліне келген ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле ханымда сөзге шығып аталған бұл халықаралық конференция, Өзбекстандағы материалдық және материалдық емес мәдени мұраны сақтау бойынша жұмысты одан әрі жетілдіру және ұлттық тәжірибе мен халықаралық тәжірибені зерделеуде маңызды екенін атап өтті.




