English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Самарқандта «Әбу Мансур әл-Матуриди және матуридия ілімі: кеше мен бүгін» атты конференция өтуде
12:20 / 2020-03-03

Имам Әбу Мансур әл-¬Матуриди сунниттік Ислам теологиясының негізін қалаған ұлы ғұламалардың бірі


Сунниттік Ислам теологиясының негізін қалаған біртуар ғұламалардың бірі Имам Әбу Мансур әл-¬Матуриди құрметіне арналған Самарқандтағы конференция құран бағыштаумен басталды.

Осынау шараға Мысрдағы «Әл-Азхар» кешенінің басшысы Шейх Ахмед Тайип бастаған делегация, Босния және Герцеговина, Германия, Иордания, Индонезия, Малайзия, Пәкістан, Ресей, Түркия, Украина, Швейцария, Қырғызстан және Қазақстан сынды елдерден 70-ке жуық ғалымдар, исламтанушылар, белгілі оқу орындары мен ғылыми орталықтардың басшылары қатысуда.

1.JPG

Әбу Мансур әл-¬Матуриди ислами ой¬сана тарихында пайда болған сан алуан діни түсініктер арасынан «рационалистік діни түсінікті» әрі соған негізделген «рай әдісін» қолдайтын һәм қолданатын аса көрнекті де жаңашыл ғалымдардың бірі болды. Әсілі, діни рационализмге негізделген «рай әдісінің» негізін қалаған Әбу Ханифа болса да, оны эпистемологиялық (танымның мәні мен оның ақиқаттығының өлшемін зерттейтін ілім) теологиялық және пәлсапалық тұрғыдан негіздеп, жүйеге салған имам Матуриди.

2.JPG