Сальвадор билігі елдің бұрынғы президенті және вице-президенті Сальвадор Санчес Серенді, сондай-ақ экс-президент Маурисио Фунесті үкіметтің төрт мүшесін заңсыз баюына және ақшаны жымқыру ісі бойынша халықаралық іздеу жариялады.
Associated Press-тің хабарлауынша, Сан-Сальвадордың екінші магистрат соты бұрынғы президент Санчес Серенаны және Фунес әкімшілігінің бостандықта жүрген тағы төрт бұрынғы шенеунігін қамауға алу туралы бұйрықты Интерполға беру туралы шешім қабылдаған.
Биліктегі ресми шенеуніктер кейбір сотталушылардың елден тыс жүргендерін және ел президенті Наиб Букеле бұрынғы президент Санчес Сереннің 2020 жылдың желтоқсанында елден кетіп, қайта оралмағанын растаған. Ол қазір болжам бойынша Никарагуада.
Айыпталушылардың көпшілігі - 2009 жылдан 2019 жылға дейін елді президенттер Фунес пен Санчес Серенмен басқарған бірнеше партизандық топтардан тұратын FMLN (Фарабундо Марти атындағы Ұлттық-азаттық майданы - солшыл саяси партиясы) саяси партиясының көрнекті жетекшілері саналады.
Ақшаны жылыстатуға қарсы мамандандырылған бөлім өзінің айыптау қорытындысында бұрынғы шенеуніктердің заңсыз түрде 2,6 миллион доллар алғанын анықтаған.
Айыптау қорытындысына сәйкес, мемлекет қаражатын жымқыру экс-президент Фунестің әкімшілігінде ұйымдастырылған болып - заң шығарушы ассамблея бекіткен үкімет шығындарының мөлшері 80-ден 351 миллион долларға дейін өскен. Ал бұрынғы қаржы министрі қажетсіз жағдайда, мемлекеттік қызметкерлерге бонус және заңсыз бонустар түріндегі ақша аударымдарын жасаған.
Сальвадор Санчес Серен 2009-2014 жылдары Сальвадордың вице-президенті қызметін атқарып, содан кейін ол республиканы бес жыл басқарған. Қазір Санчес Серен 77 жаста.