Сальвадорда әскери-әуе күштері ұшағы апатқа ұшырап 3 адам қаза тапты
Сальвадор әуе күштерінің Baron 55 Beechcraft үлгісіндегі ұшағы апатқа ұшырап, борттағы барлық экипаж мүшесі қайтыс болған.
Қайғылы оқиға салдарынан қаза болғандар қатарында елдің Қорғаныс министрінің ұлы да болғаны айтылады Сальвадор әуе күштерінің баспасөз қызметі хабарында.
Сальвадор президенті Наиб Букеле апатқа ұшыраған әскери-әуе күштерінің ұшағындағы өлім құшқан барлық экипаж мүшелерінің, соның ішінде Қорғаныс министріне және қаза болғандардың отбасына көңіл айтқан.
Ұшақ сәрсенбі күні теңізде жоғалып кеткен екі жолаушысы бар яхтаны іздеу кезінде жағалау аймағында апатқа ұшыраған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ Ла-Пас департаментінің жағалауында ұшып бара жатқан сәтте радардан жоғалып кеткен. Кейіннен ұшақ құлаған жерде іздестіру-құтқару операциясы кезінде қаза болғандардың мәйіттері мен ұшақтың қалдықтары табылған.