English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сальвадорда футбол алаңында боған қақтығыстан 12 адам қаза тапты
13:40 / 2023-05-22

Сальвадор астанасы Сан-Сальвадор қаласында өткен «Альянс» пен «ФАС» клубтары арасындағы матч кезінде қайғылы оқиға орын алды.

Матч алдында көрермендердің көптігіне қарамастан, стадион қақпаларының көпшілігі жабық болған. Жанкүйерлердің трибунаға кіру әрекетінен туындаған кептеліс нәтижесінде кем дегенде 12 адам қаза тауып, 500-ге жуық адам түрлі дәрежеде жарақат алған.

Сальвадор президенті Найиб Букеле қайғылы оқиғаға кінәлілердің жауапқа тартылатынын мәлімдеп, тергеу жүргізуге бұйрық берді.