«Salam Air» компаниясы Өзбекстан мен Оман арасында әуе байланысын орнатпақ
Өзбекстан елшісі Абдусалам Хатамов Оманның «Salam Air» әуе компаниясының басшысы Ахмед әл-Шидхани және осы компанияның халықаралық байланыстар жөніндегі бас директоры Мазен әл-Салманимен кездесті.
Сұхбат барысында Өзбекстан мен Оман арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, атап айтқанда екі елді тікелей әуе қатынасы арқылы байланыстыру мәселелері талқыланған.
«Тараптар екі ел арасында әуе қатынасын құру өзара сауда-экономикалық және туристік ағындарды арттыруға қызмет ететінін атап өтті.
Келіссөздер соңында «Salam Air» авиакомпаниясының басшылығы мен Өзбекстанның ірі туристік компаниялары өкілдерінің қатысуымен өзара ынтымақтастықтың келешегін талқылау үшін онлайн кездесу ұйымдастыру келісілді», делінген «Dunyo» агенттігінің хабарламасында.