Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі болды
20:35 / 2020-10-10

Қырғызстан парламенті Садыр Жапаров басқаратын жаңа үкіметті мақұлдады


Қырғызстан парламенті Садыр Жапаров басқаратын жаңа үкіметті мақұлдады.

РИА Новости ақпарат көзінің хабарлауынша, сенбі күні «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясындағы кездесуге қатысқан барлық депутаттар оның кандидатурасына, кабинет құрамына және өзі ұсынған бағдарламаға бірауыздан дауыс берген.

Бұған дейін 5 қазанға қараған түні Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламенттік сайлаудың қорытындысымен келіспеген тұрғындар жаппай наразылыққа шыққан. Наразылық білдірушілер қауіпсіздік күштерімен қақтығыстан кейін бірнеше жүздеген азаматтар жарақат алған еді. Осы жағдайдан кейін 6 қазанда парламент мүшелерінің бір бөлігі премьер-министрлікке Садыр Жапаровтың кандидатурасын қолдаған болатын.