Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Садыр Жапаровтың Өзбекстанға жасаған сапары аяқталды
17:01 / 2022-11-11

Түркі мемлекеттері ұйымының Самарқанд саммитіне қатысқан Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Өзбекстанға сапары аяқталды.

Мәртебелі мейманды Самарқанд халықаралық әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.

[gallery-9524]

Мемлекет басшысының бастамасымен Түркі мемлекеттері ұйымы аясында Әлішер Науаи атындағы халықаралық сыйлық тағайындалған болатын. Оның алғашқы иесі түркі әлемінің бірлігіне қосқан үлесі үшін ұлы жазушы және қоғам қайраткері, гуманист Шыңғыс Айтматов болды.

Саммит соңында бұл сыйлық Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа табыс етілді.