Садыр Жапаровтың Өзбекстанға сапары аяқталды
Экономикалық ынтымақтастық ұйымының он алтыншы саммитіне қатысқан Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Өзбекстанға сапары аяқталды.
Мәртебелі мейманды Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.
Мемлекет басшысы саммит бағдарламасы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Президент Шавкат Мирзиёев Қырғыз Республикасының басшысы Садыр Жапаровпен кездесті.
Онда екі ел арасындағы достық, тату көршілік және жан-жақты стратегиялық әріптестік қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
<iframe width="640" height="360" src="https://www.youtube.com/embed/pBNfK6YKovc" title="Садир Жапаровнинг мамлакатимизга ташрифи якунланди" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" allowfullscreen></iframe>Икрам Аввалбаев, Насиржан Хайдаров(сурет), ӨзА