Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Қазақстанға барды
14:18 / 2021-03-02

Қырғыз Президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Қазақстанға барды.

«Akorda.kz» сайтының хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ақорда резиденциясында Қырғыз Президенті Садыр Жапаровты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алып, келіссөздер жүргізген

Қырғыз Президентін қарсы алу салтанатынан кейін шағын құрамда келіссөздер өтіп, Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты өзіне ыңғайлы уақытта Қырғызстанға сапармен келуге шақырған.

Мемлекет басшылары кеңейтілген құрамда өткен кездесуде стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылап, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасқан. 

Шағын және кеңейтілген құрамдағы екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізген.