Садыр Жапаров Ферғана облысының әкімін «Даңқ» орденімен марапаттады
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Ферғана облысының әкімі Хайрулло Бозоровты Өзбекстан мен Қырғызстан халықтары арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі мен сауда-экономикалық мәселелердегі қызметтері үшін «Даңқ» орденімен марапаттады.
Бішкек қаласында өткен мемлекеттік наградаларды салтанатты табыстау рәсімінде Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров бұл марапатты облыс әкіміне табыстады.
– Өзбекстан Республикасының Ферғана облысының әкімі Хайрулло Бозоровты «Даңқ» орденімен марапаттау туралы шешім қабылданды, – деді Садыр Жапаров. – Белгілі болғандай, ол көршілес жатқан Баткен және Ферғана облыстары арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуда маңызды рөл атқарды. Оның қырғыз және өзбек халықтары арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға және екі ел кәсіпкерлерінің өзара ынтымақтастығын қолдауға қосқан үлесін ерекше атап өткім келеді. Расында, «Көршісі жақсы адамның ауласы тыныш» деп бекер айтылмаған.