Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Садио Мане маусымның үздік африкалық ойыншысы атанды
15:24 / 2022-07-23

Сенегал құрамасының шабуылшысы Садио Мане маусымның үздік африкалық ойыншысы жүлдесін екінші рет жеңіп алды.

Мароккода өткен салтанатты шарада Сенегал құрамасының шабуылшысы атаулы марапатқа ие болды.

Жазғы тарнсферде Мюнхеннің «Бавария» клубына ауысқан 30 жастағы ойыншы «Ливерпуль» сапындағы бұрынғы әріптесі Мохамед Салах (Мысыр) мен «Челси» командасының қақпашысы Эдуард Мендиден (Сенегал) үздік деп табылған.

Мане өткен маусымда мерсисайдтық клубпен Англия кубогы ж»не лига кубогын жеңіп алды. Ол сондай-ақ қызылдармен бірге Чемпиондар лигасының финалына дейін жетіп, Премьер-лигада екінші орын алды.

Сондай-ақ, ол ұлттық құрамамен бірге тарихта алғаш рет Африка Ұлттар Кубогын жеңіп алды және сол маусымда Сенегал үздік команда атанды.