«С5+1» форматындағы кезекті кездесу өтеді
Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саяси бөлім басшыларының кезектегі «C5+1» форматындағы кездесуі 23 сәуірде бейнеконференция түрінде өтеді.
Кездесуге Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасының сыртқы істер министрлері мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы қатысады.
Сыртқы істер министрлері аймақтық саясат, Орталық Азия мемлекеттері мен Америка Құрама Штаттары арасындағы экономика, аумақтағы қауіпсіздік, климаттың өзгеруіне қарсы күрес және Ауғанстанда тұрақты бейбітшілікті дамыту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылайтын болады.