Румыниядағы президент сайлауының бірінші кезеңінде Симион көш бастады
Жексенбі күні Румынияда өткен президент сайлауының алғашқы кезеңінде 40,5 пайызбен ең көп дауысты Жорже Симион алып, жеңіске жетті.
39 жастағы Жорже Симион «Румындардың бірлігі үшін альянс» атты ұлтшыл партияның жетекшісі. Ол бұрынғы АҚШ президенті Дональд Трамптың ашық қолдаушысы ретінде де белгілі.
Сайлауда жеңіске жеткен жағдайда, Симион бұған дейін Ресейге тым бейілділігі үшін сайлау нәтижелері жойылған Кэлин Жоржескуді үкіметке қайта әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді. Ол Украинаға көмек беруге қарсы, бірақ Ресей жағында емес екенін үнемі атап өтеді.
18 мамырда өтетін екінші турда басты бәсеке Жорже Симион мен Бухарест мэрі, орталықшыл көзқарастағы Никушор Дан арасында болады.
Ал билеуші коалицияның үміткері Крин Антонеруску үшінші орынмен шектелді.