Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Румынияда маймыл шешегінің алғашқы жағдайы расталды
09:54 / 2022-06-14

Румыния астанасының тұрғынында маймыл шешегі ауруын жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, індет жұқтырған азамат қазір ауруханада жатыр.

«Румынияда алғаш рет маймыл шешегі ауруы анықталды. Бұл Бухаресттен келген 26 жастағы ер адам. Оның диагнозы бүгін зертханалық зерттеулерден кейін анықталды», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Симптомдары төрт күн бұрын пайда болды, бірақ науқас ауруханаға түнде ғана жатқан. Ауруға қарсы симптоматикалық ем қабылдап, оқшауланғаны айтылады ақпаратта.