Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Румыния мен Болгария 2025 жылдан Шенген аймағының толық мүшесіне айналады
10:52 / 2024-12-16

Румыния мен Болгария 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Шенген аймағының толық құқықты мүшелеріне айналады.

Euro Puls порталының хабарлауынша, бұл шешім Еуропалық Одақтың ішкі істер министрлерінің дауыс беруі нәтижесінде қабылданған.

31 наурызда Румыния мен Болгария Шенген аймағына ішінара қосылған еді. Сол кезде визасыз тәртіп тек әуежайлар мен теңіз порттары арқылы өтетіндер үшін енгізілді, ал құрлықтағы шекаралар әлі бақылауда қалған болатын. 

1 қаңтардан бастап румындар мен болгарлар үшін Еуропа есіктері толықтай ашылады.

Айта кетейік, Шенген аймағы 1985 жылы құрылды. Қазіргі уақытта Еуропалық Одақтың барлық мемлекеттері (Кипр мен Ирландиядан басқа) Шенген аймағына қосылған. Сонымен қатар, Исландия, Норвегия, Швейцария және Лихтенштейн де осы аймаққа қосылған.