English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ронни О’Салливан снукер бойынша әлем чемпионы атанды
16:09 / 2020-08-17

Англияның Шеффилд қаласында өткен снукер бойынша әлем чемпионатында Британдық Ронни О'Салливан алты дүркін әлем чемпионы атанды


Англияның Шеффилд қаласында өткен снукер бойынша әлем чемпионатында Британдық Ронни О'Салливан кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Финалда ол отандасы Кайрен Уилсонға қарсы ойнап жас әріптесін 18: 8 есебімен жеңді. Осылайша 44 жасты Ронни турнирдегі ең үлкен жасты жеңімпаз атанып әлемнің алты дүркін чемпионы атанды. Қазір ол снукер тарихындағы әлем чемпионатында алты реттен жеңіс шыңын бағындырған Рэй Риардон және Стив Дэвиске теңесті.

Әлем чемпионатында көш басын шотландиялық Стивен Хендри бастап келеді. Ол дүбірлі додада 7 мәрте чемпиондыққа қол жеткізген. Дегенмен ол 2012 жылы снукердегі мансабын аяқтаған.