Роналду жылдамдықты асыратын бутсамен ойнайтын болды
Мұны футбола алғаш рет сынақтан өткізген «Монпелье» шабуылшысы Анди Делор
Криштиану Роналду жасыл алаңдағы жылдамдығын тағыда арттыру мақсатында ерекше бутсамен ойнайтын болды.
Бұл футбол аяқ киімінің қарапайым бутсадан өзгешелігі табандағы тістеріне регби аяқ киімі тістері орнатылғандығында. Өйткені мұндай бутсалар жасыл алаңда жылдамдықты асыруға септігі тиеді екен. Мұны футбола алғаш рет сынап көрген «Монпелье» шабуылшысы Анди Делор.
28 жасар алжирлік футболшы 19 ақпанда өткізген ойында сағатына 36,8 шақырымды жылдамдықты бағындырған. Бұл Франция чемпионатында рекордты көрсеткіш ретінде тіркелген.
Ал протугалдық сұрмерген Криштиану Роналду дәл осы санаттағы бутсаны алдағы А Сериядағы сериялы кездесулерінде қолданбақ.