Роналду Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді
Криштиану Роналду Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесті.
Daily Mail басылымының дерегінше, Португалия және «Ан Наср» клубының шабуылшысы апат салдарынан жәбір көрген азаматтарға ұшақпен гуманитарлық көмек жіберді.
38 жасты сұрмерген жіберген гуманитарлық көмек жүгі құрамында шатырлар, тамақ, төсек-орын, балалар тамағы мен дәрі-дәрмек үшін ақша жіберген. Түркия мен Сирияға қажетті тауарлар жеткізіледі.
Marca басылымының хабарлауынша, футболшының жалпы қайырымдылық сомасы 350 мың долларды құрайды.
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда 45 968 адам, Сирияда 8 476 адам жер сілкінісінен қаза тапқан.